Қашағанда мұнай өндіру 45 күнге тоқтатылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қашағанда мұнай өндіру 45 күнге тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нормативтік талаптарға сәйкес, 2019 жылы НКОК(North Caspian Operating Company) «Болашақ» жерүсті кешені мен Қашаған кен орнының D теңіз кешенінде күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуді жоспарлап отыр. Атап өткенде, D аралы мен «Болашақ» мұнай және газ даярлау қондырғысындағы технологиялық жабдықтардың жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өндіріс толық тоқтатылады. Өндірісті тоқтату мерзімі 45 күнге жоспарланған. Жөндеу жұмыстарына мердігер компаниялар қызметкерлерінің көп саны тартылатын болады», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне НКОК баспасөз қызметінен.

Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде барлық жабдықтар тоқтатылып, мұнай, газ және күкірт өндірісі толық тоқтатылады. Ал бұған дейін өндірілген мұнай сақталмай, экспортқа жіберіледі.

Еске сала кетейік, Атырау облысының Қашаған теңіз кен орнындағы НКОК компаниясы 13,2 миллион тонна мұнай өндірген.

Автор: А.Соколов

Соңғы жаңалықтар