«Қашағанда» құбырларды ауыстыру биылғы жылдың көктемінде басталады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Қашаған» теңіз кен орнында мұнайдың өндірілуінің тоқтатылуына себеп болған құбырларды ауыстыру ағымдағы жылдың көктемінде басталады, деп хабарлады Атырауда өтіп жатқан «Мұнай-газ құрылысы мен инжиниринг» конференциясы аясында NCOC компаниясы басқарушы директорының орынбасары Жақып Марабаев.

«Құбырларды салу Каспийде мұз еріп, кемелердің қозғалысы мүмкін болған кезде басталмақ. Алғашқы жұмыстар кен орнының теңіз кешенін құрлықтағы «Болашақ» құрылғыларымен байланыстыратын құбырларды төсеуден басталады. Маусым айына дейін балықтардың уылдырық шашуына байланысты эколог мамандар теңіз операцияларын жүргізуге тыйым салды. Тыйым алынған соң, құбырларды төсеу жұмыстары теңіз ішіндегі учаскелерде де жүреді. Жұмыстардың аяқталуы 2016 жылдың соңына жоспарланған», - деді Ж.Марабаев.

Соңғы жаңалықтар