Қашаған операторы NCOC Экология министрлігімен соттасып жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қашаған мұнай кен орнының операторы North Caspian Operating Company (NCOC) Экология және табиғи ресурстар министрлігінің күкірт шығарындыларын шектен тыс асырғаны туралы шешімімен келіспеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз өткен жылы тексеру жүргіздік, бұл жоспарлы тексеру болған еді. Тексеру барысында біз бірқатар бұзушылықтарды анықтадық. Қорытындылай келе, бәрін рәсімдедік, компания біз тіркеген сәттермен келіспеді. Компания заң талаптарына сәйкес жоғары тұрған органға, министрлікке шағымданды. Біз сонда да департаментті қолдадық, өйткені біздің ойымызша, заңнама бұзушылығы орын алған. Компания үшін келесі қадам – уәкілетті органның шешіміне сотқа шағымдану. Сондықтан біз халықаралық сотта емес, Астананың мамандандырылған сотында тұрмыз. Қазір тыңдаулар жүріп жатыр», - деді Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова «Астана халықаралық форумының» кулуарында.

З. Сүлейменова министрлік назарын аударған ең үлкен мәселелердің бірі – күкіртті шамадан тыс шығару екенін атап өтті. Қашаған операторы мұнымен келіспеуде.

«Жалпы, NCOC бойынша қателеспесем, 10 тармақ бойынша теңізде, құрлықта белгілі бір бұзушылықтар бар», - деп толықтырды Экология министрі.


Соңғы жаңалықтар