+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Қашаған кен орнында ілеспе газды өңдейтін ірі зауыт салынады

2020 жылғы 27 ақпан 16:33
Бөлісіңіз:
Қашаған кен орнында ілеспе газды өңдейтін ірі зауыт салынады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қашаған кен орнында ілеспе газ өңдеу зауытын салу мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атыраудан бірқатар бағытқа қатынайтын автобустар қозғалысы тоқтатылды Біріккен Араб Әмірлігіне демалуға барған 126 атыраулық елге жеткізілді ТЖ режимі: Премьер-Министр мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін бекітті

Қаржыландыру мәселесі, мемлекеттік қолдау шаралары, газ теңгерімі және аталған жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары баяндады.

Қашаған кен орнында ілеспе газ өңдеу зауытын салу жобасын 2021 жылдың соңына дейін Атырау облысының Мақат ауданында, «Болашақ» мұнай және газды кешенді дайындау қондырғысынан солтүстік-шығысқа қарай 12 шақырым жерде және Ескене теміржол станциясынан оңтүстікке қарай 5 шақырым жерде іске асыру көзделген. Жобалық қуаттылығы — жылына 1 млрд текше метр. Инвестор — «GPC Investment» ЖШС. Инвестиция көлемі - 860 млн доллар.

«Қашаған кен орнында ілеспе газды өңдеу зауытын салу еліміз үшін маңызды жоба. Ол кен орнында мұнай өндіруді 12 млн тоннаға арттыруға, сондай-ақ құрылыс кезеңінде 2800 уақытша және пайдалануға берілген соң 600 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы зауыт өнімі ішкі және сыртқы нарықтарға шығарылатынын атап өтті.

«Өткен жылдың қазан айынан бастап аталған жобаны жан-жақты зерделедік. Бүгінгі отырысты зауытты салу туралы шешім қабылдайтын қорытынды жиын ретінде қарастыру қажет», — деді А. Мамин.

Атырау облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр, сонымен қатар мұнай-газ саласы үшін жабдықтар мен құрауыштарды өндіретін кәсіпорындар — «Каспий Плюс», «International Pipeline Structure Solutions Caspian», «Caspian Contractors Trust Atyrau» ЖШС-ын аралады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT