+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыты салынады

2020 жылғы 27 мамыр 12:01
Бөлісіңіз:
Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыты салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қашаған кен орнының екінші кезеңі бойынша жол картасы пысықталып, талқылануда. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жарты жыл ішінде Қазақстанда 53 млн тонна көмір өндірілді

«2019 жылы мұнай және конденсат экспортының көлемі 72,2 млн тонна болса, биыл 67,5 млн тоннаны құрайды. Атырау облысында теңіз кен орнында құны 45,2 млрд доллар және соның ініше қазақстандық үлесі 36%, яғни 16 млрд доллар құрайтын теңізде келешекте кеңейту жобасы жүзеге асуда. 230-ға жуық отандық сервистік компания құрылыс жұмыстарына, металл конструкциясын жасауға және басқа да жұмысқа тартылды. Жоба аяқталған соң қосымша 12 млн тонна мұнай өндіруге болады», - дейді ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, Қашаған кен орнында 2022 жылға қарай тәулігіне 450 мың баррельге дейін мұнай өндіру деңгейіне қол жеткізу мақсатында жаңа газ өңдеу зауытын салу жобаларын іске асыру және компрессорларды жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру жүріп жатыр.

«Мердігер компаниялармен бірге Қашаған кен орнының екінші кезеңі бойынша жол картасын пысықтап, қазіргі таңда талқылаудамыз. Қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу келісімшарттық кезеңде қосымша шамамен 8 млн тонна мұнай алуға мүмкіндік береді. «Қарашығанақ» жобасы белсенді фазада және іске асыру кестесімен қоса отырып газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау инвестициялық жобалары және газды кері айдаудың төртінші компрессор жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл мәселе акционерлер тарапынан талқылануда», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT