Қашаған кен орнына жаңа директор тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» компаниясына қарасты KMG Kashagan B.V. бас директоры қызметіне Бақытжан Хасанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына сілтеме жасап.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев KMG Kashagan B.V. ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Бақытжан Хасанов осы уақытқа дейін «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директоры қызметін атқарып келді.

«ҚМГ Инжиниринг» ғылыми-техникалық сараптаманы дамытумен және ресурстық базаны дамытуға жаңа технологияларды енгізумен, кен орындарын пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету және оларды цифрландырумен айналысады.

Әр жылдары «ҚазМұнайГазда» теңіз жобалары жөніндегі атқарушы директор, басқарушы директор, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖШС бас директоры, «Лукойл Оверсиз Сервис Лтд» компаниясы филиалы директорының орынбасары, «PSA» ЖШС жобаларды басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

Фото: kmg.kz



Соңғы жаңалықтар