Қашаған кен орны жұмысын қайта бастады
2022 жылғы 10 тамыз 01:42

Қашаған кен орны жұмысын қайта бастады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Каспий теңізінде орналасқан «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында жұмыс қайта жанданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

NCOC компаниясының сыртқы қарым-қатынастар бөлімінің мәліметінше, тамыздың 9-ынан 10-ына қараған түні теңіз және құрлықтағы нысанда өндіріс біртіндеп іске қосыла бастайды.

«Бұл жұмыстар кезінде құрлық және теңіз нысандарында тиісті рұқсат шеңберінде шектеулі көлемде газ жағылатыны күтіліп отыр. Газ жағу – «Қашаған» кен орнын игеру жобасындағыдай күрделі өндірістік операцияларды қайта жандандыру барысындағы стандартты процесс. Бұл шектелген уақыт аралығында үзілмелі режимде жүргізіледі», -деп мәлім етті компанияның сыртқы қарым-қатынастар бөлімі.

Бұған дейін «Болашақ» қондырғысында «Қашаған» мұнайын дайындау тоқтап тұрғанын хабарлаған едік. Бұған өндіріс алаңындағы газ құбырының ақауы себеп болған.

«Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясы 3 тамызда «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының жұмысы өндіріс алаңында газ кету белгілері анықталуына байланысты қауіпсіз жолмен тоқтатылғанын растайды», - деп мәлім еткен еді NCOC компаниясының сыртқы қарым-қатынастар бөлімінен.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT