Касем Сүлеймани деген кім? – Әлемдік баспасөзге шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей назарларыңызға әлемдік баспасөзге шолуын ұсынады.

Тәжікстан сауда дисбалансынан құтылу үшін мұғалімдерге мақта тергізіп жатыр - Eurasianet

Тәжікстанның мемлекеттік сектор қызметкерлері мақта теріп жүр. Бұл экспорт көрсеткіштерін жақсарту үшін жасалып отырған қадам болғанымен, әлеуметтік кемшіліктері өте көп, деп жазады Eurasianet. Басылымның жазуынша, мұғалімдер үкіметтің насихат кампаниялары сәтті жүзеге асырылғанын, сол себепті өздерінің пайдасын тигізіп жатқанына риза екендерін айтқан.

«Мұғалімдер мақта теру кеңес кезеңіндегі дәстүрдің жалғасы екенін айтуда. Олардың ойынша, жұмыс істеу қосымша пайда табуға да септігін тигізеді, себебі мұғалімдер терген әр килограмм мақтаға ақы алады», деп жазады басылым. Тәжікстанның ауылшаруашылық министрлігінің хабарлауынша, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 400 мың тонна мақта жиналуы тиіс.

«Адамдар ауыр жұмысқа өз еркімен барып жатыр деп айту – иллюзия. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мақта теретін аудандардағы тұрғындар басқа жұмыс табу мақсатында елді мекенерден көшіп жатыр. Сол себепті кейде қалған адамдарға күштеп мақта тергізуге тура келеді», деп жазады басылым.

Сарапшылардың айтуынша, биліктің мақта өндірісін сақтап қалуға тырысуы сауда саласындағы баланстың бұзылуын ретке келтіру мақсатын көздейді. 2018 жылы Тәжікстан 4,2 млн долларға тауар импортын жүзеге асырса, экспортқа тек 1,1 млн доллар жұмсаған.


2020 жылы Марс пен Жердің арақашықтығы жақындайды – The Economist

«2020 жылы ғарышқа ұшу әртүрлі мақсатта жүзеге асырылады: біреулер Марсты игермек болса, бірі Жерді қорғау мақсатында жасалады. Әсіресе екі жылда бір рет Жер мен Марстың арақашықтығы жақындайтынын ескерсек, биыл Америка, Қытай, Еуропа мен БАӘ-нің ғарыш агенттіктері Қызыл планетаға пилотсыз аппараттарын ұшыруы мүмкін», деп жазады The Economist.

Басылымның хабарлауынша, НАСА ғарыш агенттігінің Марста роботтары бар, ал биыл дрон-тікұшақ жіберілуі тиіс.

«Еуропаның ғарыш агенттігі әлі Марсқа еш құрылғысын қондырмады. 2016 жылы олардың алғашқы әрекет ісәтсіздікке ұшырады.Ал ендігі жолы Еуропаға АҚШ пен Ресей көмекке келетін болады.

«Қытай алғаш рет Марсқа 2012 жылы аппарат ұшырды. Ол кезде Қытай аппараты Ресейдің ғарыш кемесіне жалғанған болатын. Енді Қытай ешкімнің көмегінсіз Марсқа аппарат ұшыруы тиіс. Дегенмен, Қытай ғарыш агенттігі халықаралық қолдаудан бас тартпайтындарын мәлімдеді», деп жазады автор.

Оның айтуынша, 2020 жылы БАӘ де Америкамен бірігіп, Марсқа ғарыш кемесін жіберуді жоспарлап отыр.


Касем Сүлеймани деген кім және оның өлімі неліктен кеңінен талқылануда? - Hürriyet

Касем Сүлеймани 1988 жылдан бері Ислам революциясы күзет копусының «Кудс» арнайы бөлімшесінің басшысы болды. Ол Иран мен Ливандағы «Хезболланың» жақындасуына атсалысқан. Израиль мен кейбір араб елдері бұған дейін оны өлтірмек болған, дегенмен, ол әрекеттері жүзеге асырылмаған еді, деп жазады Hürriyet басылымы.

Мақала авторының жазуынша, әлемдік БАҚ ирандық генерал Касим Сулейманиді жою туралы бұйрықты АҚШ президенті Дональд Трамп берген деген ақпарат таратқан.

«Кудс күштері Америкада «шетелдік террористік ұйымдар» тізіміне енген. АҚШ-тың Иран әскерінің жоғары шенді командирін өлтіруі Иран мен Американың байланысын шиеленістіруі мүмкін», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, Сүлейманимен бірге қаза тапқандардың ішінде «Хашди Шааби» күштерінің екінші маңызды командирі Мухандис болған. АҚШ 2019 жылдың 8 сәуірінде «Хашди Шаабиді» де террористік ұйым ретінде таныған еді.

«Ирак билігі әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Иракта АҚШ пен Қытайдың арасында соғыс жүріп жатыр. Оның салдарынан Иракта хаос болады. Егер Иран Сулейманидің өлімінен кейін Ирактағы жағдайды басқара алмаса, дағдарыс болады, себебі Иран қазірдің өзінде экономикалық санкцияларға ұшыраған еді», дейді сарапшылар.

Ал Вашингтондағы Таяу Шығыс институтының директоры Чарльз Листер Сулеймани өлімінің салдарын болжау қиын екенін, дегенмен бұл соңғы жылдардағы Таяу Шығыстағы ең үлкен жаңалық екенін айтты. Ол АҚШ жақын арада Сирия мен Ирактан толығымен кетуі мүмкін депжазды.


Даму бағдарламаларын қаржыландыру тиімсіз болып шықты - Project Syndicate

«1960 жылдан бастап табыс деңгейі төмен мемлекеттерді дамытуға ресми көмек көрсету мақсатында 4,6 трлн доллар жұмсалған. Дегенмен, кедейлік пен экономикалық өсімнің болмауы әлі де бұқаралық сипатта қалып отыр», деп жазады Project Syndicate.

«Бұдан шығатын қорытынды – жаһандық Солтүстіктің жаһандық Оңтүстікке жасаған дәстүрлі көмегі тиімді емес. Соңғы жиырма жылда батыс қаржы донорлары, даму институттары индустраландыру мен құрылымдық трансформацияға назар аудармауы үлкен проблема туғызып отыр», деп жазады басылым. Мысалы, 1990 жылдан кейін Африканың энергетикалық секторына қаржы салмау көптеген мемлекеттег деинустрияландыруға алып келген.

«Батыс үкіметі мен даму институттары көмек көрсету бағдарламаларын өндірістік сектор мен технологиялық прогрестің дамуына мүмкіндік беретіндей етіп жоспарламайды», деп жазады басылым.


Google мен Amazon мұнай бизнесіне көшті – Vox

«Google, Microsoft және Amazon әлемді қазба байлықтарына тәуелділіктен арылту керектігін көп айтады. Дегенмен, Wall Street Journal және Gizmodo басылымдарының хабарлауынша, бұл компаниялар қазіргі таңда қазба отын саласындағы компаниялармен бірігіп, мұнай мен газ өндірісін арттыру үшін көмек көрсетуге келіскен», деп жазады Voх басылымы.

Автордың жазуынша, мұнайды табу қиынға соғатындықтан, сарапшылар қара алтын таусылуға жақын екенін айтып жатыр. Дегенмен, жаңа технологиялар индустрияны сақтап қалуға көмектесе алады екен.

«Жасанды интеллект – саланың технологиялық құтқарушысы бола алады. Компьютер алгоритмдері үнемі жетілдіріліп отыратындықтан, бұл мұнай табуды автоматтандыра алады. 2018 жылы мұнай-газ саласы жасанды интеллектіге 1,75 млрд доллар жұмсаған. 2025 жылға қарай бұл 4 млрд долларға дейін өседі», деп жазады басылым.











Соңғы жаңалықтар