Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 23 °С
Алматы: 15 °С
USD 328.95 EUR 386.38
RUB 5.27 CNY 51.50
Жаңалықтар

KASE: Теңге үш күннен бері үздіксіз нығайып келеді

2018 жылғы 15 ақпан 12:10 836
Бөлісіңіз:
KASE: Теңге үш күннен бері үздіксіз нығайып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі таңертеңгілік сессия бойынша АҚШ долларына шаққандағы теңгенің орташа бағамы 1 долларға 320,53 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
КASE: Доллар құнсыздана түсті ОҚО әкімі Нидерланд Корольдігінің елшісімен кездесті

Сәрсенбі күнгі саудамен салыстырғанда доллар бағамы 1,92 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 320,05 теңге, ал ең жоғарысы 323,59 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 206,3 млн долларға жетті.

Айта кетейік, бір күн бұрын доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 322,45 теңге, күндізгі сессияда - 322,68 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 322,55 теңге болып, сауданың жалпы көлемі 157,2 млн долларды құраған.

Еске сала кетейік, сейсенбі күні доллар бағамы 3,24 теңгеге төмендеп, сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 323,94 теңге, ал ең жоғарысы 325 теңге болды. Ал сәрсенбіде 2,28 теңгеге төмендеп, сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 322,09 теңге, ал ең жоғарысы 323,6 теңге деңгейінде болған.

 

 


Басты сөздер: Қаржы, Экономика,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат