KASE: Теңге төртінші күн қатарынан нығайып келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің Т+1 есебімен  (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен)  АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 371,9 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Жұма күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 1,56 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 371,5 теңге, ал ең жоғарысы - 373 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 47,45 млн долларға жетті.

Т+1 есебімен жұма күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 373,46 теңге, күндізгі сессияда 373,86 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 373,65  теңге болып, сауданың жалпы көлемі 69,8 млн долларды құраған.

Еске сала кетейік, сәрсенбі күні Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының орташа бағамы 380,97 теңгеден 377,72 теңгеге дейін - 3,25 теңгеге төмендеген болатын. Ал бейсенбі күні тағы да 2,28 теңгеге түсіп, 375,44 теңгені құрады, жұма күні тағы да 1,98 теңгеге төмендеп, 373,46 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар