KASE: Ресейге қарсы санкциялар теңгеге әлі ықпалын тигізуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Қазақстан қор биржасы теңге бағамына ықпал етіп отырған факторлар туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамыр айында KASE шетелдік валюталар нарығында 31 қатысушы болған. Аталған нарықта сауда көлемі 1 040,1 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,1% төмен.

«Ресейге салынған санкциялардың ықпалы теңге бағамына әлі де әсер етіп отыр. Айдың соңында теңге бағамы қысқа мерзімге жақсарды. Оған салықтық науқан әсер етті. Экспортерлер тоқсан сайынғы салық төлемін жүргізгенде теңге күшейді. Сондай-ақ Brent маркалы мұнай құны барреліне 75 АҚШ долларына сатылды. Айдың соңында 80 АҚШ долларына жетті», - деді KASE басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк Алматыда өткен брифингте.

Айта кету керек, мамыр аййында KASE нарығында теңге бағамы 325,75 - 330,72 теңге шамасында болды. Бұл айда еуроға деген сұраныс артты. Еуро саудасы 10,2 млн бірлікке жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31,6% көп. Бұған жазғы демалыс науқаны ықпал еткені анық.

Соңғы жаңалықтар