KASE: Ресей рублі 8 теңгеге жуықтады
14:21, 07 Тамыз 2022
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы мен Нұр- Сұлтан қаласындағы ақша айырбастау орындарында рубль 7,2 - 7,6 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан қор биржасында (KASE) бір рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы 7, 9 теңге.
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 7 тамыздағы жағдай бойынша Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,93 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 7,2 – 7,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал Нұр-Сұлтанда 7,25 – 7,55 теңге аралығында құбылып тұр.
АҚШ ақшасы 475-480 теңге аралығында саудаланып жатыр.