KASE: Ресей рублі 8,5 теңгеге дейін көтерілді

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 7,45 - 8,05 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан қор биржасында (KASE) бір рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы 8,5 теңгеге жетті.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 19 шілдедегі жағдай бойынша Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,22 теңгеге өсіп, 8,57 теңге болды.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 7,45 – 8,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал Нұр-Сұлтанда 7,8 – 8,8 теңге аралығында құбылып тұр.

Бұған дейін Алматы қаласындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 485-490 теңгеден саудаланып жатқаны туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар