KASE: Ресей рублі 8,5 теңгеге дейін көтерілді
2022 жылғы 23 маусым 12:19

KASE: Ресей рублі 8,5 теңгеге дейін көтерілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 8,1 - 8,5 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан қор биржасында (KASE) бір рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы 8,4 теңгеге жетті.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 23 маусымдағы жағдай бойынша Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,32 теңгеге өсіп, 8,54 теңге болды.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 8,1 – 8,5 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал Нұр-Сұлтанда 7,85 – 8,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Айта кетейік, KASE-де рубль екінші күн қатарынан қымбаттап жатыр.

Ал АҚШ валютасының бағамы бүгін бірден 10 долларға көтеріліп, теңгеге шаққандағы құны 462 теңгеге дейін жетті.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT