KASE қор биржасында доллар бағамы тағы қымбаттады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 13 мамыр кешімен салыстырғанда 1,51 теңгеге өскен.

АҚШ валютасының орташа бағамы 429,1 теңге болды.

Ұлттық банктің 14 мамырдағы ресми бағамы: 1 доллар үшін - 427, 55 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 429, 65 теңгеден сатылса, сатып алу - 428, 11 теңгеден.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 429,77 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 428, 72 теңге.


Соңғы жаңалықтар