KASE қор биржасында доллар арзандады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар теңгеге қарағанда арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңертеңгі сауда бойынша Қазақстан қор биржасында доллар 1,25 теңгеге арзандап, 429,41 болды.

ҚР Ұлттық банкінің ресми бағамы бойынша 6 қазанда 1 доллар 430,8 теңге тұрады.

Айта кету керек, АҚШ валютасы Қазақстан қор биржасында екі күн қатарынан құнсызданып келеді.


Соңғы жаңалықтар