KASE: Доллар тағы да арзандады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі KASE-ге сілтеме жасап.

Таңғы сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 17 қыркүйектің кешімен салыстырғанда 2,0 1 теңгеге төмендеп, 1 доллары 420,89 теңгені құраған.

Ұлттық банктің 18 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 422,9 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 422,16 теңге, сатып алу – 420,56 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 422,58 теңгеден болса, ал сатып алу – 421,14 теңге.


Соңғы жаңалықтар