КASE: Доллар құнсыздана түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 326,78 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 2,3 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 326 теңге, ал ең жоғарғысы 327,5 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 116 млн долларға жетті.

Сәрсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 329,08 теңге, күндізгі сессияда 329,23 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 329,16 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 163,45 млн долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар