KASE: Доллар бағасы тағы қымбаттады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы күрт өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 17 ақпан кешімен салыстырғанда 0,32 тиынға өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 428, 88 теңге болды.

Ұлттық банктің 18 ақпандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 428, 52 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 429,20 теңгеден сатылса, сатып алу – 430,73 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 429,42 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 430,56 теңге.


Соңғы жаңалықтар