KASE: Доллар бағасы тағы көтерілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 27 қазан кешімен салыстырғанда 1,55 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 427, 59 теңге болды. Ұлттық банктің 28 қазандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 426,01 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 427,2 теңгеден сатылса, сатып алу – 428, 2 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 426, 6 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 427, 8 теңге.

Соңғы жаңалықтар