KASE: Доллар бағамы үш күннен бері төмендеуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға 374,77 теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,79 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 374,15 теңге, ал ең жоғарысы - 375 теңге болған. Сауда көлемі 67,05 млн долларға жетті.

Бейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 375,56 теңгені, күндізгі сессияда 374,7 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 374,96 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 125,8 млн доллар.

Еске сала кетейік, сәрсенбі күні KASE-де АҚШ долларының орташа бағамы 038 теңгеге - 378,28 теңгеден 377,9 теңгеге дейін, бейсенбіде тағы 2,34 теңге - 375,56 теңгеге дейін төмендеген болатын.

Соңғы жаңалықтар