Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

KASE: Доллар бағамы үш күннен бері төмендеп жатыр

2019 жылғы 17 мамыр 11:26 263
Бөлісіңіз:
KASE: Доллар бағамы үш күннен бері төмендеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұмакүні өткен сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 доллар үшін 378,77 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі KASE-ге сілтеме жасап. 

Ұқсас жаңалықтар
KASE: Доллар бағамы арзандады KASE: Доллар бағамы арзандады

Бейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,22 теңгеге арзандады. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға - 378,5 теңге, ал ең жоғарысы 379,1 теңге болды. Сауда көлемі 124,35 млн долларға жетті.

Бейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 378,99 теңгені, күндізгі сессияда 378,89 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 378,94 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 113,879 млн доллар.

Еске салайық, KASE-де сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 0,12 теңгеге -  379,55 теңгеден 379, 43 теңгеге дейін төмендеді. Ал, бейсенбі күні тағы 0,44 теңгеге - 378,99 теңгеге дейін түсті. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қор рыногы, Қаржы, Экономика,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT