+7 (701) 759 90 19
USD 418.41 EUR 507.95
RUB 5.69 CNY 64.76
Jańalyqtar

KASE: Доллар бағамы төмендеп келеді

2018 жылғы 24 сәуір 12:11
Бөлісіңіз:
KASE: Доллар бағамы төмендеп келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 325,8 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,41 теңгеге төмендеген.

Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 325,3 теңге, ал ең жоғарғысы 325,5 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 186,95 млн долларға жетті.

Дүйсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 326,21 теңге, күндізгі сессияда 326,63 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 326,52 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 114 млн долларды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күнгі KASE сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында АҚШ доллары 0,02 теңгеге, яғни 326,23 теңгеден 326,21 теңгеге төмендеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Дарын Нұрсапар

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT