KASE: Доллар бағамы төмендеді
2018 жылғы 12 қыркүйек 11:55

KASE: Доллар бағамы төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында Т+1(USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есеп) есебімен, теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 377,72 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі KASE-ге сілтеме жасап.

Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 3,25 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 377,15 теңге, ал ең жоғарысы 378,4 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 30,2 млн долларға жетті.

Т+1 есебімен сейсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 380,97 теңге, күндізгі сессияда 380,83 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 380,83 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 212,1 млн долларды құрады.

Jańalyqtar

MURAǴAT