KASE: Доллар бағамы төмендеді
2018 жылғы 31 шілде 11:33

KASE: Доллар бағамы төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 346,07 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 0,91 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 345,9 теңге, ал ең жоғарысы - 346,4 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 28,7 млн долларға жетті.

Дүйсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 346,98 теңге, күндізгі сессияда 347,14 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 347,06 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 138,05 млн долларды құрады.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT