KASE: Доллар бағамы төмендеді
2018 жылғы 22 маусым 11:57

KASE: Доллар бағамы төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 340,11 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,87 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 339,31 теңге, ал ең жоғарысы 341,18 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 130,7 млн долларға жетті.

Бейсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 340,98 теңге, күндізгі сессияда 341,32 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 341,18 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 123,8 млн долларды құрады.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT