КASE: Доллар бағамы төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 327,2 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 1,56 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 326,89  теңге, ал ең жоғарғысы 328 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 112,45  млн долларға жетті.

Дүйсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 328,76 теңге, күндізгі сессияда 329,05 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 328,95 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 88,8 млн долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар