+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

KASE: Доллар бағамы тағы төмендеді

2019 жылғы 16 мамыр 11:16
Бөлісіңіз:
KASE: Доллар бағамы тағы төмендеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күні өткен сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 доллар үшін 378,99 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі KASE-ге сілтеме жасап.

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,44 теңгеге арзандады. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға - 378,7 теңге, ал ең жоғарысы 379,15 теңге болды. Сауда көлемі 56,56 млн долларға жетті.

Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 379,43 теңгені, күндізгі сессияда 379,74 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 379,65 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 128,592 млн доллар.

Еске салайық, KASE-де сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 0,12 теңгеге - 379,55 теңгеден 379, 43 теңгеге дейін төмендеді.


Авторы Асхат Ахметбеков

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қор рыногы, Экономика,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT