Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

KASE: Доллар бағамы тағы төмендеді

2019 жылғы 12 ақпан 11:15 293
Бөлісіңіз:
KASE: Доллар бағамы тағы төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 375,22 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар Ұлттық банктің құнды қағаздарына 987,4 млн теңге инвестициялады Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 4,4% өсті

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,39 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 375 теңге, ал ең жоғарысы - 376,1 теңге болған. Сауда көлемі 48,8 млн долларды құрады.

Дүйсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 375,61 теңгені, күндізгі сессияда 375,47 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 375,53 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 165,85 млн доллар болды.

Еске сала кетейік, Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттық теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 4,54 теңге - 380,15 теңгеден 375,61 теңгеге дейін төмендеген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Экономика, Қаржы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT