KASE: Доллар бағамы тағы төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 369,42 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 2,94 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 369 теңге, ал ең жоғарысы - 370,1 теңге болған. Сауда көлемі 60,05 млн долларды құрады.

Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 372,36 теңгені, күндізгі сессияда 371,42 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 371,8 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 107,5 млн доллар болды.

Соңғы жаңалықтар