KASE: Доллар бағамы тағы 4,6 теңгеге құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 365,48 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 4,57 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 364,9 теңге, ал ең жоғарысы 366 теңге болған. Сауда көлемі 40,8 млн долларды құрады.

Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 370,05 теңгені, күндізгі сессияда 368,59 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 369,01 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 253,75 млн доллар болды.

Еске сала кетейік, бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында АҚШ долларының орташа бағамы 5,78 теңгеге құлап, 370,05 теңгені құрады. 

Соңғы жаңалықтар