KASE: Доллар бағамы тағы 3 теңгеге төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 364,44 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 2,96 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 363,7 теңге, ал ең жоғарысы 366 теңге болған. Сауда көлемі 96,9 млн долларды құрады.

Дүйсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 367,4 теңгені, күндізгі сессияда 367,19  теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 367,3 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 133,45 млн доллар болды.

Соңғы жаңалықтар