KASE: Доллар бағамы қайта көтерілді
2021 жылғы 9 қараша 11:12

KASE: Доллар бағамы қайта көтерілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы сәл өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 8 қараша кешімен салыстырғанда 0,40 тиынға өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 429, 20 теңге болды.

Ұлттық банктің 9 қарашадағы ресми бағамы -1 доллар үшін 428, 67теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 429,37 теңгеден сатылса, сатып алу – 430, 88 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 429,27 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 430, 37 теңге.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT