+7 (701) 759 90 19
USD 388.96 EUR 432.21
RUB 6.09 CNY 54.99
Jańalyqtar

KASE: Доллар бағамы бірден 5,8 теңгеге құлады

2018 жылғы 15 қараша 11:30
Бөлісіңіз:
KASE: Доллар бағамы бірден 5,8 теңгеге құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 370,05 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 5,78 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 368,5 теңге, ал ең жоғарысы 373 теңге болған. Сауда көлемі 72,65 млн долларды құрады.

Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 375,83теңгені, күндізгі сессияда 375,95 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 375,9 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 90,95 млн доллар болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Экономика,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT