KASE: Доллар бағамы әлсіреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің 1 АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 325,5 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,36 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 325,2   теңге, ал ең жоғарғысы 325,9 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 68,25 млн долларға жетті.

Сәрсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 325,86 теңге, күндізгі сессияда 326,2 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 326 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 310,35 млн долларды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күнгі KASE сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында АҚШ доллары 1,56 теңгеге, яғни  328,76 теңгеден 327,2 теңгеге төмендеген болатын.

Соңғы жаңалықтар