KASE: Доллар бағамы 8 күн қатарынан төмендеп келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында жұма күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 352,09 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 7,6 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 350,1, ал ең жоғарғысы - 357 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 147,4 млн долларға жетті.

Т+1 есебімен бейсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 359,69 теңге, күндізгі сессияда 358,61 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 359 теңге болып, сауданың жалпы көлемі 152,05 млн долларды құраған.

Еске сала кетейік, өткен сәрсенбі күні Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының орташа бағамы 380,97 теңгеден 377,72 теңгеге дейін - 3,25 теңгеге, бейсенбі күні тағы да 2,28 теңгеге түсіп, 375,44 теңгені құраған еді. Ал өткен жұма күні 1,98 теңгеге түсіп, 373,46 теңге болса, апта басында - дүйсенбі күні тағы да 1,56 теңгеге төмендеп, 371,9 теңгені құрады. Ал сейсенбі күні 1,42 теңгеге төмендеп, 370,48 теңге көлемінде болса, сәрсенбі күні доллар бағамы тағы да 6,87 теңгеге түсіп, 363,61 теңгені құрады. Ал бейсенбі күні тағы да 3,92 теңгеге төмендеп, 359,69 теңгені құрады.

 

Соңғы жаңалықтар