KASE: Доллар бағамы 4,4 теңгеге арзандады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 доллар үшін 376,53 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 4,44 теңгеге арзандады. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға - 376,1 теңге, ал ең жоғарысы 378,5 теңге болды. Сауда көлемі 158,06 млн долларға жетті. Бейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 380,97 теңгені, күндізгі сессияда 380,33 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 380,56 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 121,57 млн доллар.

Еске сала кетейік, Қазақстан қор биржасында сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 383,62 теңгеден 382,75 теңгеге дейін, бейсенбі күні тағы 1,78 теңгеге арзандап 380,97 теңгені құраған еді.

Соңғы жаңалықтар