KASE: Доллар бағамы 2 теңгеге төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 1 долларға 376,03 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 2,03 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 375,7 теңге, ал ең жоғарысы - 376,8 теңге болған. Сауда көлемі 52 млн долларды құрады.

Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 378,06 теңгені, күндізгі сессияда 377,9 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 377,95 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 74,7 млн доллар болды.

Соңғы жаңалықтар