KASE: Доллар бағамы 2,3 теңгеге төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға 375,56 теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 2,34 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 375 теңге, ал ең жоғарысы - 376,5 теңге болған. Сауда көлемі 38,85 млн долларға жетті.

Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 377,9 теңгені, күндізгі сессияда 376,96 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 377,26 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 138,25 млн доллар.

Соңғы жаңалықтар