KASE: Доллар бағамы 2,2 теңгеге төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 373,01 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 2,21 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 372,7 теңге, ал ең жоғарысы - 374 теңге болған. Сауда көлемі 58,6 млн долларды құрады.


Сейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 375,22 теңгені, күндізгі сессияда 374,61 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 374,81 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 148,2 млн доллар болды.

Соңғы жаңалықтар