KASE: Доллар бағамы 1,8 теңгеге төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға 377,92 теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі KASE-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 1,83 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 377,7 теңге, ал ең жоғарысы - 378,4 теңге болған. Сауда көлемі 35,36 млн долларға жетті.

Дүйсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 379,75 теңгені, күндізгі сессияда 379,35 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 379,48 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 81,82 млн доллар.


Авторы: Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар