KASE: Доллар бағамы 1,6 теңгеге төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 380,89 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 1,59 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 380,35 теңге, ал ең жоғарысы - 381,7 теңге болған. Сауда көлемі 28,65 млн долларды құрады.

Дүйсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 382,48 теңгені, күндізгі сессияда 382 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 382,23 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 68 млн доллар болды.

Соңғы жаңалықтар