KASE-де доллар екінші күн қатарынан арзандап жатыр
2023 жылғы 3 ақпан, 16:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,97 теңгеге төмендеп, 458,69 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 3 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 459, 92 теңгені құрайды. Ресей валютасы - 6,57 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 459 теңге, сатып алу – 462,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 458,5 теңгеден болса, сатып алу – 461,5 теңге.
Ресей рублі 6,38 – 6,43 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандап жатыр.
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP