KASE бүгінгі сауданың ашылу рәсімін әйелдер мерекесіне арнады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - KASE қор биржасы бүгінгі сауданың ашылу рәсімін БҰҰ «Ring the Bell for Gender Equality» бастамасына сәйкес әйелдер мерекесіне арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таңертең сауда ашылды. Бүгін 792 қаржы құралы қойылды. Құнды қағаздар туралы айтатын болсақ, 126 акция, 110 эмитент қойылды. Біз БҰҰ мен әлемдік биржалардың бастамасына қосылып, сауданың ашылуын әйелдерге арнап жатырмыз. Нью-Йорк қор биржасы жақында сондай шара өткізді. Бір айтатыным, биржада ерлерден гөрі әйелдер көп жұмыс жасайды. Қор биржасында операциялық жұмыстар басым болғандықтан, ондай жұмысты әйелдер жақсырақ тындырады», - деді KASE қор биржасы басқарма төрғасының орынбасары Андрей Цалюк.

Сонымен қатар ол KASE қор нарығында 78 әйел мен 53  ер адам жұмыс жасайтынын жеткізді.

Қазір Қазақстан қор биржасын да Алина Алдамберген басқарып отыр.

«Гендерлік саясат бойынша Қазақстан әлемде 93-орында тұр. Біздің елде Мемлекеттік хатшы мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі - әйел. Қалған 19 Үкімет мүшесі ер адам екенін ескерсек, бұл өте аз көрсеткіш. Алина Алдамберген - Азия аймағында қор биржасын басқаратын үш әйелдің бірі. Бұл өте жақсы жетістік. Әйелдердің табандылығы мен ер адамдардың жақсы қасиеттері үндестікте болғаны өте орынды», - деді Қазақстандық іскер әйелдер ұйымының жетекшісі Раушан Сәрсембаева.

nullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар