Қасақана кісі өлтіргендігін бір жылдан кейін мойындады - БҚО прокуратурасы

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО прокуратурасының процессуалдық прокуроры қасақана кісі өлтіргендігін бір жылдан кейін мойындап келген А.Карташов пен оның қылмыстық әрекетін жасыруға көмектескен Е.Досмұхамбетовтің ісін сотқа берді.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған екеу өткен жылғы 19 сәуірде «Орбита» саяжай қоғамында жәбірленушімен бірге арақ ішкен. Соның барысында А.Карташов жәбірленушімен сөзге келіп, оның мойын тұсына пышақ салған. Марқұм сол жерде жан тапсырған. Қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мақсатында Карташов мүрдені саяжайдағы шұңқырға лақтырып, Е.Досмұхамбетовпен бірге бетін көміп тастайды. Сонымен қатар қанның іздері мен жәбірленушінің заттарын жойып жібереді.

Жасалған қылмыстың ауырлығы ескеріліп, Карташов қамауға алынды.

Айта кетейік, процессуалдық прокурор басшылық тарапынан жеке өзіне берілген іспен нақты айналысады.

Соңғы жаңалықтар