Қаржыны қайда салған тиімді: Қайрат Келімбетов тұрғындарға кеңес берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов қазақстандықтар қаржыларын қайда инвестициялай алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламент Мәжілісінде тілшілер АХҚО басқарушысынан қазақстандықтар қай бағытта инвестициялау керектігін және өздерінің жинақтарын қайда сақтауы қажеттігін сұрады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығында қызмет етіп жүргеніме орай, АХҚО биржасында бағалы қағаздарға инвестициялауға кеңес беремін. Бұл тұрғыда «ҚазМұнайГаз» ІРО-сына дайындалып, біздің биржадағы жаңалықтарға назар аударған жөн», - деді Қ. Келімбетов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжілістің жалпы отырысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасы мақұлданды.

Соңғы жаңалықтар