Қаржылық мониторинг агенттігінің бизнеске қарсы қозғаған қылмыстық істері 4 есе азайған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бас прокурор нұсқаулығы шыққаннан бері Қаржылық мониторинг агенттігінің бизнеске қарсы қозғаған қылмыстық істер саны 4 есе азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов бизнес өкілдерімен өткен кездесуде кәсіпкерлерге қарсы қозғалған қылмыстық істердің негізділігіне проурорлардың тәулік ішінде баға беруі жолға қойылып жатқанын айтты.

«Прокурорларға қозғалған істерді 24 сағат ішінде тексеру тапсырылды. Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, біз басталған істі дереу тоқтатамыз. Аталған нұсқаудың нәтижесі де көріне бастады. Мысалы, Қаржылық мониторинг агенттігі бұрын айына орта есеппен 150 қылмыстық іс тіркесе, нұсқау шыққанан ері ол көрсеткіш 4 есе азайды. Жаңа талаптар БАҚ пен әлеуметтік желі арқылы жұртшылыққа жеткізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», - деді Берік Асылов.


Соңғы жаңалықтар