+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

Қаржылық мониторинг агенттігі Елжан Біртанов ісіне қатысты түсініктеме берді

2021 жылғы 28 қыркүйек 18:11
Бөлісіңіз:
Қаржылық мониторинг агенттігі Елжан Біртанов ісіне қатысты түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«БАҚ өкілдерінен бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қылмыстық ісіне агенттік неге түсініктеме бермейді деген сыңайда сауалдар келіп түсіп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі бұл тергеу жария етуге жатпайтынын және прокурордың келісімімен ғана мәліметтердің жария етілуі мүмкін екенін хабарлаймыз. Айта кетерлігі, аталған тергеуге қатысты мәліметтерді жария етпеу талабы тергеу органдарымен қатар қорғаушы тарапқа да қатысты. Сондықтан, әділ болу үшін агенттік қылмыстық істің жай-жапсарына түсініктеме бермейді. Іске қатысты фигуранттың кінәлі не кінәсіз екендігін Конституцияның 77- бабының 3-тармағына сәйкес сот қана айқындай алады», - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Гауһар Сапарбаева.

Оның атап өтуінше, осы жылдың шілде айында агенттік бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Біртанов пен оның орынбасары Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтаған.

«Біртанов пен Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдау және пайдалану арқылы лауазымдық өкілеттігін асыра қолдану күдігіне ілігіп отыр. Платформа денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды жедел шешу үшін пациенттер, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі тиіс болатын. Платформа еш уақытта жұмыс істемеген және медицина ұйымдары оны қолданбайды. Бұл жинақталған дәйектермен дәлелденіп отыр. Орындалмаған жұмыс құны - 4,1 млн доллар немесе 1,5 млрд теңге», - деді ресми өкіл.

Сонымен қатар Гауһар Сапарбаева Е.Біртановтың 22 шілдеде санитарлық авиация ұшағын жеке мақсатта қолдану арқылы лауазымын асыра пайдалану күдігіне ілігіп отырғанын айтады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT