+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық тергеу жүргізетін жас мамандарға іріктеу өткізіп жатыр

2021 жылғы 27 шілде 20:34
Бөлісіңіз:
Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық тергеу жүргізетін жас мамандарға іріктеу өткізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі кадр жұмысы департаментінің басшысы Нұрлан Адалиев «ҚМА жас мамандары пулы» жобасының қалай өтіп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда екі компания 4,6 млрд теңгенің жалған бухгалтерлік құжаттарын жасаған

«Жобаның мақсаты – құқық қорғау қызметінде жұмыс істегісі келетін және елдің экономикалық қауіпсіздігіне үлес қосқысы келетін білімді, талантты және креативті жастарды іріктеу арқылы Қаржылық мониторинг агенттігінің кадрлық әлеуетін күшейту және жаңарту. Мақсатты аудитория – үздік жоғары оқу орындарының түлектері, олимпиадалар мен халықаралық конкурстардың жеңімпаздары, үздік диплом иегерлері. Біз қызыл дипломның басты көрсеткіш еместігін түсінеміз, сондықтан белсенді өмірлік ұстанымы бар, коммуникативті, креативті және қалыптан тыс ойлау дағдылары сияқты кәсіби құзыреттері бар креативті жастарға мүдделіміз», - деді Н. Адалиев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Спикердің айтуынша, дәстүрлі іріктеу жүйесінде үміткерлер құжат тапсырып, сұхбаттасуға шақырылатын рәсім бекітілген. Бұл тәсіл әлеуетті үміткерлерді жақсы тануға мүмкіндік бермейді. Сондықтан сарапшылар тобымен бірге үміткерлердің моральді-іскерлік қырларын алдын ала зерделеу кезеңін енгізілмек.

Сондай-ақ, маусым айында ресми сайтта Экономикалық тергеу қызметіне іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жасалған.

«Бірінші кезеңде, 15 маусым мен 30 шілде аралығында әлеуетті үміткерлер сайтта көрсетілген сілтеме бойынша және Instagram және Facebook әлеуметтік желілері арқылы тиісті өтінімді электрондық форматта бере алады. Қазіргі уақытта 150-ден астам өтінім берілді. Біз кесте жасап, ҚМА ғимаратында іріктеу жүргізуді бастадық. Шақырылған үміткерлердің деректері біздің ресми сайттарымыз бен әлеуметтік желі парақшаларына орналастырылады. Кадр қызметкерлері әр адамға келесі кезеңнің өтетін күні туралы жеке хабарлайды», - деп түсіндірді Нұрлан Адалиев.

Оның айтуынша, белгіленген күні үміткерлер зияткерлік қабілеттері мен құзыреттерін анықтау үшін тесттен өтеді.

«Мұнда оның интеллект деңгейін ғана емес, талдаушы, техник, жедел қызметкер немесе тергеуші ретінде жұмыс істеу бейімін де бағалай аламыз. Әрі қарай эссе жазу кезеңін дайындадық, ол үміткерлердің өз ойын сауатты, қисынды және дәйекті жеткізе білуін көрсетеді. Соңғы кезең – ұзақтығы 1,5 минуттан аспайтын мотивациялық видео дайындау. Үміткерлерге дайындыққа уақыт беріледі, содан кейін олар ұялы телефон камерасына бірқатар сұраққа жауап беруі керек», - дейді спикер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT