«Қаржылық мәдениет» бағдарламасын жүзеге асыруға «Kaspi Bank» 1 млн. доллар жұмсамақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Каспий банк» халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға 1 млн. доллар жұмсамақ. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихаты барысында «Kaspi Bank» АҚ басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе айтты.

Оның айтуынша, 2014 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қаржылық мәдениет» бағдарламасы басталды. Жоба «Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығы» қоғамдық қоры мен ««Kaspi Bank» бастамасымен жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның бірінші кезеңі «Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығы» қоғамдық қорымен бірлесе отырып өткізіледі.

«Біз осы жобаны жүзеге асыруға 1 млн. доллар қаржы бөлуді ұйғардық. Өйткені, қазіргі таңда халықтың қаржылық сауаттылығы өте төмен деңгейде. Оны жақында жүргізген зерттеулер нәтижесі анық көрсетіп отыр», - деді банк басшысы Михаил Ломтадзе.

Оның мәлімдеуінше, әрбір екінші қазақстандық азамат өзінің артық қаржысын үйінде сақтағанды жөн көреді және тек әрбір оныншы адам банктегі депозитке салады. Зерттеу қорытындысы бойынша сұралғандардың 43 пайызы депозиттерді кепілдендіру жүйесі туралы білмейді екен.

«Девальвацияға қатысты жағымсыз жағдайдың неге орын алғандығын бір нәрсемен түсіндіруге болады. Сұралған респонденттердің 6 пайызы ғана депозиттерді кепілдендірудің шекті көлемі 5 млн. теңге екендігін білетін болып шықты», - деді М.Ломтадзе.

Биыл қаңтардың 27-інен ақпанның 12-не дейін жүргізілген зерттеу жұмыстарына еліміздің 14 облысынан 1200 адам қатысқан. Респонденттер қаржылық қызметті пайдалану туралы 55 сұраққа жауап берді.

Соңғы жаңалықтар